Сингапурда Indorama көпұлтты конгломератының Қазақстандағы инвестициялық жоспарлары талқыланды

Сингапурда  Indorama көпұлтты конгломератының Қазақстандағы инвестициялық жоспарлары талқыланды

🇰🇿🇸🇬🤝🏻 2022 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Асқар Құттықадам Сингапурда орналасқан штаб–пәтері бар, тыңайтқыштар, полимерлер, талшықтар мен иірілген жіптер, медициналық қолғаптар мен полиэстерді қоса алғанда, материалдардың кең спектрін өндіретін #IndoramaCorporation - көпұлтты кәсіпорынның директоры Пракаш Кеджривал мырзамен кездесті.

Indorama-ның Қазақстандағы озық технологиялар, тұрақты даму және адамға бағдарланған тәсіл негізінде түрлі секторларда қосылған құны бар тауарларды жасауға бағытталған инвестициялық жоспарларын талқылады.

Жақында Астана халықаралық қаржы орталығында #АХҚО өкілдіктің ашылуымен Indorama компаниясы Қазақстан экономикасын әртараптандыруға, оның ұзақ мерзімді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және агробизнесті дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге өзінің бейілділігін дәлелдеді.