Қазақстан Елшісі Сингапур Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Сингапур Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Сингапур, 2022 жылғы 29 қараша - Қазақстан Республикасының Елшісі Асқар Құттықадам Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобқа сенім грамоталарын табыс етті. 

«Истана» президенттік сарайында өткен салтанатты рәсімнен кейін кездесу барысында қазақстандық дипломат Сингапур көшбасшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді. 

Астананың сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларды қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша қала-мемлекетпен қатынастарды одан әрі кеңейтуге зор мүдделілігі расталды. 

Тараптар екіжақты өзара тиімді әріптестік екі елде болып жатқан терең трансформациялық процестер, сондай-ақ халықаралық жағдайдың құбылмалылығының артуы аясында ерекше маңызға ие болатынына келісті. 

Осыған байланысты Мемлекет басшысымыздың Әділетті Қазақстан туралы көзқарасына сәйкес А. Құттықадам еліміздің ұлттық дамудың сапалық жаңа кезеңіне кіруі туралы хабардар етті. 

Осы стратегиялық жолдағы маңызды кезеңдер ретінде 2022 жылғы маусым айындағы конституциялық референдумның және қарашадағы президенттік сайлаудың қорытындылары аталды. 

Сингапур Президенті соңғы сайлауда жеңіске жеткеніне орай Президент Қ. Тоқаевқа жылы лебіздерін білдіріп, қазақстандық әріптесіне Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады.