Осы атаулы күнге байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Жаңа Зеландияның Сыртқы істер министрі Нанайя Махута құттықтау жеделхаттарымен алмасты.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары үш онжылдық бойы Қазақстан-Жаңа Зеландия қарым-қатынастары осы уақыт бойы достық пен қолдау, өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделгенін атап өтті.
Қазақстан мен Жаңа Зеландия географиялық жағынан бөлінгеніне және тарихи оқиғаларымен ерекшеленетініне қарамастан, елдер ортақ тұжырымдамалар мен мақсаттарды бөліседі. Ядролық қарудан және жаппай қырып-жоятын қарудың басқа да түрлерінен азат әлемге ұмтылуда қарусыздану және таратпау, сондай-ақ тұрақты және демократиялық әлемдік тәртіпке жәрдемдесу мәселелері жарқын мысал болып табылады.
14 000 километрден астам қашықтық елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық саланың дамуына кедергі келтірмейді. Атап айтқанда, 2021-2022 жылдары Азияда екінші орын алған Қазақстанның регби бойынша әйелдер командасы регби бойынша Әлем Кубогы турнирінің тұрақты қатысушысы – Жаңа Зеландиямен жиі кездеседі.
#Қазақстан мен #ЖаңаЗеландия халықаралық ұйымдардың кандидатураларына өзара қолдау көрсетуде. Мәселен, 2022-2026 жылдар кезеңінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы барысында Нью-Йоркте өткен сайлауда Жаңа Зеландия 2022-2024 жылдар кезеңінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Қазақстанның кандидатурасын қолдады және Қазақстан Жаңа Зеландияның кандидатурасына БҰҰ Халықаралық құқық комиссиясында дауыс берді.
Жаңа Зеландияның Қазақстандағы Құрметті консулы Нұрлан Смағұлов пен Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы Құрметті Консулы Брайан Джонсон екі ел арасындағы өзіндік "достық көпірі" болып табылады, олар ұлттық мерекелерге орай жиі іс-шаралар өткізіп, азаматтарға көмек көрсетеді.