Елші Аркен Арыстанов «Oceanus Group» атқарушы директоры Питер Комен кездесу өткізді

Елші Аркен Арыстанов «Oceanus Group» атқарушы директоры Питер Комен кездесу өткізді

Ү.ж. 14 ақпанда Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Аркен Арыстанов қазақстандық тауарлар экспортын дамыту саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылау үшін «Oceanus Group» атқарушы директоры Питер Комен кездесу өткізді.

Кездесуге «Kusto Group» директоры Талғат Тұрымбаев, «Oceanus Group» коммерция жөніндегі директоры Сэммуль Лин және «Oceanus Group» корпоративтік жоспарлау және стратегия директоры Дафни Лим қатысты.

Анықтама: Oceanus Group Limited холдинг ретінде жұмыс істейді. Компания өзінің еншілес компаниялары арқылы теңіз өнімдерін өсірумен, өңдеумен, буып-түюмен және таратумен айналысады. Oceanus Group бүкіл әлем бойынша аквакультура және теңіз өнімдерін өндіру салаларына қызмет көрсетеді.