
2022 жылғы 11 ақпанда Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Аркен Арыстанов ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылау үшін «TMC Academy» халықаралық бизнес бөлімінің директоры Гэвин Чуа және «TMC Academy» өкілі Мохит Камблмен кездесу өткізді.
Елші Арыстанов сингапурлық тарапты техникалық мамандықтардың басымдықтарына назар аудара отырып, білім беру саласындағы алдағы реформалар туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, директор Чуа оқу орны туралы қысқаша ақпаратты ұсынды, сондай-ақ «TMC Academy» Сингапурде IT, логистика және инжиниринг салаларында ақылы 6 айлық тағылымдаманы ұсынатын жалғыз мекеме екенін айтты. Сондай-ақ, Академия бағдарламалары «Cambridge International Examinations» ұйымымен мақұлданғанын атап өтті.