Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме

2021 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшілігі Сингапурдың ресми тұлғаларының, «MDIS» профессор-оқытушылар құрамының, болу елінде аккредиттелген дипломатиялық корпустың, сондай - ақ қазақ диаспорасы мен ауқымды Сингапур жұртшылығының қатысуымен Сингапур менеджментті дамыту институтының (Management Development Institute of Singapore - MDIS) ғимаратында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме ұйымдастырды.

Көрмеде Қазақстан, еліміздің ғылыми - техникалық жетістіктері және республиканы мекендеген халықтардың көпқырлы мәдениеті туралы фото-және бейнематериалдар көрсетілді.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Аркен Арыстанов Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері туралы айтып, еліміздегі өзекті саяси және экономикалық реформаларға тоқталып, Қазақстанның Сингапурмен екіжақты ынтымақтастығының барысына жеке тоқталды.

Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі Зулкифли Бахарудин қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, Орталық Азия өңіріндегі көшбасшы ел ретінде Қазақстанның жарқын болашағының кең перспективаларын атап өтті.

Өз кезегінде, «MDIS» президенті Эрик Куан Қазақстанның жетістіктеріне таңданысын білдірді, халықтың сауаттылығының жоғары деңгейін атап өтті және ҚР Үкіметінің елдің ғылыми-технологиялық дамуын қолдау жөніндегі шараларын атап өтті.