Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел

Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел

Ү.ж. 19 тамызда Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған Сингапур Республикасының және Қазақстан Республикасының ресми өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елші Аркен Арыстанов Қазақстанның ядролық қарусыздануға, ядролық энергияны таратпау және бейбіт мақсатта пайдалануға қосқан үлесі туралы айтып, ҚР-ның жаһандық және ядролық бастамаларына тоқталды, Қазақстанның жалпыға бірдей және толық ядролық қарусыздану мен ядролық сынақтарды жою жаһандық қауіпсіздіктің іргетасын қалайтынына деген нық сенімге негізделген саяси ұстанымын ерекше атап өтті.

Сингапур Ұлттық университеті Оңтүстік Азияны зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, Бангладештің бұрынғы Сыртқы істер министрі Ифтехар Ахмет Чоудхри Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Астана клубының» бесінші отырысы барысында (2019 ж. қараша) жария еткен Ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін көшбасшылардың жаһандық альянсын құру идеясына толық қолдау білдірді. 

ҚР СІМ жанындағы сыртқы саясатты зерттеу институтының басқарма төрағасы Елші Болат Нұрғалиев Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөліне, оның ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін күреске қосқан үлесіне ерекше тоқталды, ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көзқарасын атап өтті. Қазақстандық дипломат Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасында көрініс тапқан ядролық қарусыздану саласындағы Тұңғыш Президент саясатына бейілділігін атап өтті.

Коста-Риканың СР-дағы Елшісі Виктор Уго Гонсалес Коста-Рика мен Қазақстанның ядролық қаруға қарсы күрес және таратпау саласында елеулі қызметтік тізімі бар екенін, аталған салалар екі елдің сыртқы саясатының өмірлік маңызды бөлігі болып қалатынын атап өтті.

Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі Бахарудин Зулкифли 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды кезең екенін атап өтті.  Сингапурлық дипломат екі елдің ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және ядролық қауіпсіздікті арттыру жөніндегі практикалық шараларды жүзеге асыруға ортақ бейілділігін растады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның антиядролық күн тәртібін және еліміздің ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы жаһандық бастамаларын ілгерілету мәселелерін талқылады. Дипломаттар таратпау саласындағы тиімді қадамдар өңірлік және жаһандық ынтымақтастықты талап ететіндігімен келісті және Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және таратпау проблемаларын шешудегі күш-жігеріне ортақ қолдау білдірді.