«Қазақстан - Орталық Азияның азық-түлік себеті» вебинары туралы

«Қазақстан - Орталық Азияның азық-түлік себеті» вебинары туралы

2021 жылы 7 шілдеде Сингапур Іскер Федерациясы Қазақстан Республикасының Сингапурдегі Елшілігімен бірге Сингапур компаниялары үшін қазақстандық азық-түлік өнімдерін Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттау бойынша «Қазақстан - азық-түлік себеті Орталық Азия» вэбинары ұйымдастырды.

Сингапур бизнесінің басқа елдерден жеткізушілерді табуға мүддесін артуда есекре отырып, вебинар 80 жергілікті компаниялардың назарын аударды.

Қазақстан Елшісі Аркен Арыстанов вебинарды қатысушыларға арналған сәлемдесуымен ашты.

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры Азамат Асқарұлы Қазақстанның сауда-экспорттық ынтымақтастықты құру саясаты, сондай-ақ орталықтың өзі туралы айтты. Атап айтқанда, ол Қазақстанда шикізаттық емес өнімдерді экспорттау әлеуетінің артып келе жатқанын, әсіресе азық-түлік секторында екенін баса айтты.

Kusto Group Директорлар кеңесінің мүшесі Талғат Турумбаев мал өсіру мен ет өндірісін дамыту, сондай-ақ көрші елдердің нарықтарына шығу жоспарлары туралы бөлісті. Қазіргі уақытта, компаниян Оңтүстік-Шығыс Азия нарығында, атап айтқанда Вьетнамда, жұмыс істеп жатыр. Бірақ басқа индустриялық бағытта - құрылыс саласында.

Халықаралық «Интеграция» қорының төрағасы Елена Терещенко сонымен қатар қордың және оның еншілес ұйымдарының бал, жаңғақ, жемістер, кәмпиттер мен құс өнімдерін қоса алғанда, Сингапурға және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне азық-түлік өнімдері мен басқа да өнімдерді жеткізу мүмкіндіктерін таныстырды.

Вебинар 8 шілдеде «Каз Ир Агро» және «Арбавайн» екі қазақстандық компаниялардың қатысуымен онлайн-бизнес-кездесулер форматында жұмысын жалғастырды.