Қазақстан 6 шілдеде мемлекеттік мереке - Астана күнін тойлайды

Қазақстан 6 шілдеде мемлекеттік мереке - Астана күнін тойлайды
Қазақстан 6 шілдеде мемлекеттік мереке - Астана күнін тойлайды. Биыл астанаға 23 жыл толады.
 
Астананы Алматыдан көшіру туралы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы 1994 жылғы 6 шілдеде қабылданды. Ресми түрде Нұр-Сұлтан қаласы (2019 жылғы 23 наурызға дейін Астана деп аталған) 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстанның астанасы болып жарияланды.
 
Рекордтық қысқа мерзімде, екі онжылдық ішінде Есіл өзенінің жағасында жаңа қала салынды, оның есімі бүгінде бүкіл әлемге танымал.
 
Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшілігі Сіздерді мерекемен құттықтайды.