«Азия-Еуропа» қоры Басқарушылар кеңесінің 42-ші отырысы

«Азия-Еуропа» қоры Басқарушылар кеңесінің 42-ші отырысы
2021 жылғы 1-2 шілдеде Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Аркен Арыстанов онлайн форматта өткен «Азия-Еуропа» қоры (the Asia-Europe Foundation - ASEF) Басқарушылар кеңесінің 42-ші отырысына қатысты.
 
Отырыстың негізгі күн тәртібі ASEF жобаларын 2022 жылға бекіту болды.
 
ASEF - жалпы жаһандық проблемаларды шешу үшін Азия мен Еуропа халықтарын біріктіретін үкіметаралық коммерциялық емес ұйым болып табылады.