Gardens by the Bay бас директоры Феликс Лоу мырзамен кездесу

Gardens by the Bay бас директоры Феликс Лоу мырзамен кездесу

2021 жылғы 29 маусымда Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Аркен Арыстанов Gardens by the Bay бас директоры Феликс Лоу мырзамен Қазақстанның мәдени мұрасы мен табиғи сұлулығына арналған күзде жоспарланып отырған Tulipmania 2021 көрмесін талқылау мақсатында кездесу өткізді.

Елші сұхбаттасушыға Қазақстаннан арнайы әкелінген қазақтың дәстүрлі тұрмысының ішкі ұлттық бұйымдары мен атрибуттарымен таныстырды, сондай-ақ Лоу мырзаға ұлттық салт-дәстүрлер туралы кітапты сыйлады.

Өз кезегінде Лоу мырза алдағы тақырыптық көрме аясында Елшілікпен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Gardens By the Bay - Сингапурдың Орталық ауданындағы 101 гектар, Marina Bay Sands қонақ үйінің жанында орналасқан, табиғи саябақ. Саябаққа келушілердің жыл сайынғы жалпы саны шамамен 13 миллион адамды құрайды. Өз кезегінде Tulipmania - қызғалдақтардың жыл сайынғы көрмесі, онда жүздеген түрлі гүлдер ұсынылған.

Атап айтқанда, бұл көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіледі.