2021 жылдың 17 маусымында Қазақстанның Сингапурдағы Елшілігінде Route One Consulting консалтинг саласындағы беделді сингапурлық компаниямен екі жақты ынтымақтастық орнату туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум ғылыми-техникалық және инновациялық саладағы кооперацияға, инвестициялар тартуға және қазақстандық бизнесті Азия-Тынық мұхиты өңірінің нарығына шығуына жәрдемдесуге бағытталған.
Құжатқа қол қоюы Елшілік пен RouteOneConsulting арасындағы өткен жылғдың жемісті ынтымақтастықтың нәтижесі болды. Бірлескен күш-жігері шаралардың арқасында Сингапурда қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан жаңа технологиялар саласында маманданған екі кәсіпорын құрылды.