Елшілік Жаңа Зеландия Сыртқы істер және сауда министрлігінің Еуропалық бөлімшесінің өкілдерімен бейнеконференция ұйымдастырды

Елшілік Жаңа Зеландия Сыртқы істер және сауда министрлігінің Еуропалық бөлімшесінің өкілдерімен бейнеконференция ұйымдастырды
2021 жылғы 4 наурызда Елшілік Жаңа Зеландия Сыртқы істер және сауда министрлігінің Еуропалық бөлімшесінің өкілдерімен бейнеконференция ұйымдастырды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен стратегиялық перспективалары мәселелері талқыланды.
 
Тараптар Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасында өзара іс-қимыл үшін айтарлықтай әлеует бар екеніне келісе отырып, халықаралық күн тәртібі бойынша ұстанымдармен алмасты. Елші А.Арыстанов жаңадан тағайындалған Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы Құрметті консулы Брайан Джонсонның жемісті қызметіне үміт білдірді.
 
ЖЗ СІМ Еуропалық бөлімшесінің басқарушысы П.Маклакан екі елдің өзара іс-қимылы үшін, атап айтқанда, Қазақстанға сүт өнімдерін экспорттау бойынша үлкен экономикалық әлеуетті атап өтті.
 
П.Маклакан қазіргі тенденциялар Жаңа Зеландияны Азия құрлығында болып жатқан процестерге көбірек тартуды талап етеді және қазақстандық бастамалар тек жекелеген елдер арасында ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия мен жалпы Азия өңірлері арасында диалог орнату мен сенім шараларын құрудың маңызды элементі бола алады деп келісті.