Елшілік делегациясы "Temasek Polytechnic”-пен танысып шыкты

Елшілік делегациясы "Temasek Polytechnic”-пен танысып шыкты
2021 жылы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Сингапурдағы өкілетті Елшісі Аркен Арыстанов Сингапурдағы кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы жетекші оқу орындарының бірі “Temasek Polytechnic”-пен танысып шыкты.
 
1990 жылы негізін қаланған “Temasek Polytechnic” инженерия және робототехника, азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты даму және логистика саласындағы флагманы болып табылады.
 
Сапар аясында елшілік делегациясы Cингапурдағы қазақстандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірге сонымен қатар Temasek Polytechnic-тің стратегиялық серіктесі болып табылатын Азия-Тынық мұхит өңіріндегі ең ірі Seletar Aerospace Park авиациялық орталығына барып, түлектердің авиация өнеркәсібінде жұмысқа орналасу тәжірибесімен танысып өтті.
 
“Seletar Aerospace Park” бас директоры Кен Йорк Сиа Сингапурдың авиация саласына 60-тан астам трансұлттық компанияларды, соның ішінде Airbus, Rolls Royse, Bombardier және басқаларын тарту тәжірибесімен бөлісті.
 
Елші Арыстанов болашақ ынтымақтастық перспективаларын қарастыра отырып, қалалық мобильді авиация мен дрондар хабын дамыту стратегиясын әзірлеуде Қазақстанның ерекше қызығушылығын атап өтті.