Елшісі Аркен Арыстанов Ли Куан Ю атындағы Сингапур Ұлттық университетінің Мемлекеттік басқару мектебінің студенттеріне лекция оқыды

Елшісі Аркен Арыстанов Ли Куан Ю атындағы Сингапур Ұлттық университетінің Мемлекеттік басқару мектебінің студенттеріне лекция оқыды
2021 жылы 4 ақпанда Қазақстанның Сингапурдағы өкілетті Елшісі Аркен Арыстанов Ли Куан Ю атындағы Сингапур Ұлттық университетінің Мемлекеттік басқару мектебінің студенттеріне лекция оқыды.
 
Аталмыш шарада, өз сөзінде Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылдық кезеңіндегі стратегиялық бастамалары мен жетістіктеріне, АСЕАН елдерімен кооперация мүмкіндіктеріне және Сингапурмен қарым-қатынастарды дамытуы туралы атап өтті. Оған қоса, "Белдеу және жол" жобасына және Еуропа мен Азияның сауда қатынастары шеңберіндегі Қазақстанның Еуразиялық транзиттік торап ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.