«Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты» атты Дөңгелек үстел өтті

«Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты» атты Дөңгелек үстел өтті

2021 жылғы 22 қаңтарда онлайн-форматта Сингапур, Австралия және Жаңа Зеландиядағы ҚР Елшілігінің қамқорлығымен Сингапур мен Австралияның академиялық қоғамдастығы, сараптамалық және талдамалық топтары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты» атты Дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстелдің тақырыбы іс-шараға қатысушылар талқылаған, Қазақстанның саяси жаңғыру мен демократияландыруға бағытталғанын, еліміздің саяси өміріндегі өзгерістерді жүйелі жүзеге асыру бойынша пәрменді қадамдарды бейнелейді.

Дөңгелек үстел барысында Елші А.Арыстановтың, ҚР саяси жүйесін одан әрі дамытуға және адам құқықтарын қорғау жөніндегі саясатты жетілдіруге бағытталған Қазақстандағы реформалар туралы брифингі өтті. Дипломатиялық ведомство басшысы Президент Қ.Тоқаевтың соңғы кезеңде ҚР-да енгізген саяси реформаларының үш пакетіне тоқталып, Мемлекет басшысының жаңадан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында (Нұр-сұлтан, 2021 жылғы 15 қаңтар) ұсынған жаңа бастамаларына жеке тоқталды.

 

Қатысушылар саяси реформаларды жүзеге асыру және оларды елдің күнделікті өміріне енгізу, білім беруді дамытуды, халықтың саяси мәдениетін жетілдіруді, азаматтық қоғамды дамытуды және адам құқықтарын қорғауды қоса алғанда, Қазақстанның ел өмірінің барлық салаларында үдемелі прогресті қамтамасыз етеді, деп келісті.