Сингапурда Asia-Europe Foundation алаңында Наурыз мерекесі атап өтілді

Сингапурда Asia-Europe Foundation алаңында Наурыз мерекесі атап өтілді

Сингапур, 2026 жылғы 27 наурыз – «Азия–Еуропа қорының» (ASEF Open Day 2026) Ашық күні аясында жаңару, көктем және бірлік символы болып табылатын Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өтті.

Сингапурдағы Қазақстан Республикасының Елшілігі ұлттық мәдени бағдарламаны ұсынып, іс-шара қонақтарының зор қызығушылығын тудырды. Атап айтқанда, жергілікті қазақстандық диаспора өкілдерінің қатысуымен ұлттық хореографияның әсемдігін паш ететін дәстүрлі қазақ биі, сондай-ақ Құрманғазының «Адай» күйі шеберлікпен орындалды.

Іс-шара қонақтары қатарында «Азия–Еуропа қорының» басшылығы мен қызметкерлері, Сингапурдағы шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен кең жұртшылық болды.

Наурыз мерекесінің мәніне, оның адам мен табиғат үйлесімін, өзара құрмет пен халықтар арасындағы достық байланыстарды нығайтуды бейнелейтін ежелгі халықтық мейрам ретіндегі маңызына ерекше назар аударылды.

Қазақстанның аталған іс-шараға қатысуы Азия мен Еуропа елдері арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді халықаралық деңгейде ілгерілетуге ықпал етті.

«Азия–Еуропа қоры» (ASEF) – 1997 жылы «Азия–Еуропа» форумы (ASEM) аясында құрылған үкіметаралық ұйым. Қор мәдениет, білім, орнықты даму және қоғамдық дипломатия салаларында бағдарламаларды жүзеге асырып, мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністі дамытуға ықпал етеді. Қазақстан атынан Қорды басқарушы – Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшісі.