
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын мерекелеу аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының Сингапурдағы гастрольдері өтті.
2026 жылғы 23–25 қаңтар аралығында гастрольдер Сингапур Ұлттық университеті (NUS) жанындағы Мәдени орталықтың Үлкен залында ұйымдастырылды. Бұл Қазақстан–Сингапур қарым-қатынастары тарихындағы Абай атындағы театр балет труппасының Сингапурдағы алғашқы гастрольдері болды.
Үш күнге созылған гастрольдік сапар барысында қазақстандық әртістер көрермен назарына «Классикалық балет жауһарлары» және «Кармен-сюита» атты бағдарламаны ұсынды. Атап өтерлігі, бір актілі, әлемге әйгілі «Кармен-сюита» балеті Сингапур сахнасында алғаш рет қойылды.
Артистердің жоғары кәсіби шеберлігі, сахналық безендіруі мен костюмдері сингапурлық көрермен тарапынан зор ықыласқа ие болды. Қойылымдар көрермендер мен қонақтардың жылы пікірлеріне ие болды.
Өткізілген гастрольдер Қазақстан мен Сингапур арасындағы мәдени диалогты дамытуға елеулі үлес қосты. Аталған іс-шара екіжақты достық байланыстарды нығайтуға, гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстанның бай мәдени мұрасын халықаралық аренада ілгерілетуге ықпал етті.