Қаржы көпірі Қазақстан-Сингапур: AIFC Connect 2025 бизнес көшбасшыларын біріктірді

Қаржы көпірі Қазақстан-Сингапур: AIFC Connect 2025 бизнес көшбасшыларын біріктірді

Сингапур Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) AIFC Connect: Singapore 2025 атты іскерлік іс-шарасын Singapore FinTech Festival және Global Finance & Technology Network (GFTN) ұйымдастырған Insights Forum аясында өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық инвесторларды АХҚО алаңы арқылы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға тарту.

BIG Invest (BI Group Holding) инвестициялық платформасы мен OD Consulting компаниясының қолдауымен өткен форумға инвестициялық және қаржы ұйымдарының, банктердің, финтех және сақтандыру компанияларының өкілдері, сондай-ақ Сингапурдың жетекші қаржы орталықтарының, дипломатиялық корпус пен іскерлік қауымдастықтарының 150-ден астам қатысушысы жиналды.

Талқылау барысында АХҚО Әкімшілігі Басқармасының төрағасы Бахтияр Тлеубеков, AFSA бас директоры Евгения Богданова, сондай-ақ Kazakh Invest және екі елдің қаржы секторларының өкілдері инвестициялық мүмкіндіктерді, капитал және цифрлық активтер нарығының дамуын, сондай-ақ АХҚО-ның өңірлік қаржы орталығы ретіндегі рөлін талқылады.

Бүгінде АХҚО юрисдикциясында 48 сингапурлық компания тіркелген, олар қаржы, технология, сауда, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді.