Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Консулдық мәселелер
Все материалы
Экономикалық ынтымақтастық
31 мая 2024
Мемлекет басшысы Indorama корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Амит Лохианы қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында мұнай химиясы өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын – Indoramа корпорациясы басшыларының бірі Амит Лохиамен кездесті. Сингапурда орналасқан Азиядағы жетекші химия өнеркәсібі холдингінің 32 елде 136-дан астам өндіріс алаңы бар. Сондай-ақ әлемдегі ең ірі компаниялардың – Forbes Global 2000 тізіміне кіреді.

Президентке берілген мәлімет бойынша аталған компания Жамбыл облысындағы фосфор кен орны базасында толық циклді фосфор тыңайтқышы өндірісін ашу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.

Былтыр маусым айында Indorama корпорациясы елімізде химия өнеркәсібін дамыту мақсатында АХҚО юрисдикциясында жаңа кен орындарын игеретін Indorama Kazakhstan Mining еншілес ұйымын тіркеді.

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп секторында минералды тыңайтқыштарды қолдану маңызды екенін атап өтіп, Indorama корпорациясын еліміздің аумағында химия өндірісін ашу үшін инвестиция салу перспективасын жан-жақты зерделеуге шақырды.

Экономикалық ынтымақтастық
31 мая 2024
Мемлекет басшысы Temasek Holdings компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дилхан Пеллэйді «Самұрық-Қазына» қоры мен Temasek компаниясы арасында стратегиялық серіктестік орнату мүмкіндігін талқылады. Президенттің айтуынша, аталған бастама іскерлік байланыстарды кеңейтуге, экономикалық өсімді ынталандыруға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының Temasek компаниясымен тығыз серіктестік жасауға мүдделі екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық компанияны Қазақстан экономикасының түрлі саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

Дилхан Пиллэй көлік және логистика салалары бойынша біздің елмен арадағы ынтымақтастық перспективасына жоғары баға берді. Қазіргі уақытта сингапурлық компания Қазақстан экономикасына қатысу мүмкіндіктерін зерделеп жатыр.

Бұдан бөлек, кездесуде бірлескен инвестициялық қор құру, сондай-ақ цифрландыру, электронды коммерция және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Temasek – Сингапурдың 1974 жылы құрылған ең ірі инвестициялық компанияларының бірі. Әлемнің 9 елінде компанияның 13 өкілдігі бар.

Eкіжақты қарым-қатынастар
31 мая 2024
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жабылу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан Сингапур стиліндегі экономикалық реформалар жүргізетін, мол мүмкіндіктер ұсынатын және экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ел екенін айтты.

– Елімізде еркін нарықты дамытуға, инновацияны ынталандыруға және білімге негізделген экономикаға көшуге бағытталған ауқымды реформалар басталды. Бұл реформалар ең жоғары халықаралық стандарттарға, соның ішінде ЭЫДҰ стандарттарына сай келеді. Жақында мен ұлттық экономиканы айтарлықтай ырықтандыруға негіз қалайтын маңызды Жарлыққа қол қойдым. Қазақстан аймақтағы инвестиция тартатын негізгі орталық болып қалуы үшін жаңа инвестициялық циклды іске қостық. Стратегиялық мақсатымыз – 2029 жылға қарай шетелден 150 миллиард доллар тікелей инвестиция тарту. Біз инвесторларға кешенді мемлекеттік қолдау көрсету және шұғыл шешім қабылдау қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Осы мақсатта стратегиялық, инвестициялық жобаларға жетекшілік ететін құзыреті жоғары Инвестициялық кеңес құрдық, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сингапур географиялық жағынан алшақ орналасқанына қарамастан, саяси және экономикалық тұрғыда сенімді серіктес елдер екеніне әрі солай болып қала беретініне назар аударды.

– Біз Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші серіктесіміз – Сингапурмен берік қатынастарды жоғары бағалаймыз. Былтыр екіжақты сауда көлемі 1,8 миллиард долларды құрады. Сингапурдың Қазақстанға құйған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Таяу жылдары бұл көрсеткіш еселене түседі деп санаймыз. Осы орайда екіжақты серіктестікті дамыту үшін берік құқықтық негіздің болуы аса маңызды. Біз Инвестицияны көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификацияладық. Бұл құжат инвестициялардың жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз етеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ынтымақтастықтың бірқатар перспективті бағытын айқындап берді. Президент қаланы дамыту секторын бірінші бағыт ретінде атады. Сондай-ақ Қазақстанда мүлде жаңа әрі интеграцияланған мегаполис салу бастамасын өте маңызды жоба деп санайды.

– Бұл жоба болашақта «Орталық Азиядағы Сингапурға» әрі халықаралық жетекші бизнес-хабқа айналуды көздейді. Осы мақсатқа бөлінген мың шаршы километрге жуық аумақ Арнайы экономикалық аймақ режимінде дамиды. Сингапурлық Surbana Jurong компаниясы аталған жобаның кешенді жоспарын әзірлегенін ерекше атап өткім келеді. Форум аяқталған соң, барлық мүдделі тараппен осы мәселені талқыламақпын. Сингапур бизнесі келешегі зор бұл бастамаға белсенді атсалысады деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сингапурға аса маңызды шикізат пен табиғи ресурстарды жеткізуге дайын екенін айтты.

– 2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға деген әлемдік сұраныс төрт есе артатынын ескере отырып, шамамен барланбаған 5000 кен орны бар Қазақстан осы әлеуетті бірлесе дамыту үшін сенімді серіктес бола алады. Біз Қазақстандағы мыс және фосфат кен орындарын барлауға қызығушылық танытып отырған Indorama компаниясымен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуға үлкен үміт артамыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміздің жаңартылатын энергия саласындағы зор әлеуетіне қызығушылық артып келе жатқанын атап өтіп, Сингапур компанияларын экологиялық таза энергия өндіру, аталған салада технология және тәжірибе алмасу үшін серіктестікті кеңейтуге шақырды.

– Сингапур қоқыс жағу арқылы қуат өндіретін озық қондырғыларымен және қалдықтарды басқару жөніндегі инновациялық технологияларымен танымал. Бізді қалдықтарды реттеудің осы инновациялық тәсілі қызықтырады әрі аталған саладағы ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, географиялық алшақтық пен байланыстың нашарлығы ұзақ жылдар бойы екі мемлекеттің экономикалық ықпалдастығын тежеп келді. Бүгінде жаһандану мен дамыған инфрақұрылымның арқасында елдер арасындағы өзара байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев отандық «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен сингапурлық PSA International компаниясы арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының немесе «Орта дәліздің» әлеуетін пайдалануға бағытталған синергиялық серіктестікті мысалға келтірді.

– Аталған бағыт Еуразия кеңістігіндегі ынтымақтастықты мүлдем жаңа деңгейге шығара алады. Бұл – Орталық және Шығыс Азиядан Еуропаға шығатын ең төте әрі орнықты жол. Сингапур компаниялары мен қаржы институттары бұл саладағы бизнес пен инвестицияның мүмкіндіктерін зерттеп, айтарлықтай пайдаға кенеле алады деп санаймыз. Вьетнамдық SOVICO Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын жекешелендіруін құптаймын. Бұл Қазақстан мен АСЕАН елдері арасындағы әуе қатынастарын жандандыруға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор екеніне назар аударды. Сингапур компанияларына бірлескен агроинновациялық орталықтар құру, дәлдігі жоғары егіншілік және су ресурстарын барынша тиімді пайдалану бағыттарында бірлесе жұмыс істеу ұсынылды.

Президент биотехнология және медицина салаларында ықпалдастық жасау үшін мол мүмкіндік бар деп санайды.

– Біздің елдің фармацевтика саласы – өңірдегі ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Pfizer, Roche, GE Healthcare және Philips секілді әлемдік жетекші компаниялар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың жергілікті өндірісін ашуды жоспарлап отыр. Біз бірлескен зерттеулерді, сондай-ақ дәрілер мен биопрепараттар өндірісін қаржыландыру үшін «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен Forebright компаниясының инвестициялық қор құру жоспарын құптаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент цифрлық секторды өнімділік пен экономикалық өсімнің артуына әсер ететін тағы бір перспективті бағыт ретінде атады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Сингапур сияқты Еуразия құрлығында жетекші технологиялық және IT-хабқа айналуды көздейді. Нақтырақ айтқанда, еліміз жаңа әрі кешенді IT-жобалар, әсіресе жасанды интеллект саласында маңызды бастамалар жасау үшін R&D жобалар, стартаптар, білім секілді түрлі бағыт бойынша ауқымды ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестиция тарту ісіндегі артықшылықтарына назар аударды.

– Бүгінде АХҚО алаңында әлемнің 80 елінің екі мыңнан астам компаниясы жұмыс істейді. Олар Қазақстанға және бүкіл өңірге инвестиция тартуға ықпал етеді. Сингапурдың 30-дан астам компаниясы АХҚО-ның резиденті саналады. Келешекте олардың саны арта түседі деп сенемін. Қаржы орталығы Сингапурдың Ақша-кредит басқармасымен қаржы технологиясы, «жасыл қаржы» және ислам банкингі салаларындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту үшін тығыз қарым-қатынас орнатқан. АХҚО-да Қазақстан-Сингапур тікелей инвестиция тарту қорының құрылуы екі елдегі бірлескен кәсіпорындарды қаржыландыру үшін оңтайлы алаң бола алады, – деді Президент.

Форум аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Сингапур Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық саясат жөніндегі үйлестіруші министр Хенг Суи Кеаттың қатысуымен коммерциялық құжаттарға қол қою рәсімі өтті.  Мынадай құжаттарға қол қойылды:

  1. «Қазпошта» АҚ мен SingPost арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
  1. «KTZ Express» АҚ мен Global DTC арасындағы Цифрлық дәлізді іске қосу туралы декларация;
  1. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, PSA KZ Pte Ltd, KPMC Ltd және G-trans Service арасындағы Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандум.

Бұдан бөлек, бизнес форум аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  1. Forebright Capital Asia Private Limited, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және «BGI Hong Kong Tech Co., Limited арасындағы Forebright Life Science Technology Fund туралы инвестициялық келісім;
  1.  «Бирюк Алтын» ЖШС мен AlDigi Holdings Pte. Ltd компаниясы арасындағы келісім;
  1. Қазақстанның «Сыртқы сауда палатасы» ЖШС мен Сингапурдың өндірістік федерациясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
  1. «Caspian Group» АҚ мен China Regional Development and Planing Institute Co., Limited арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  1. «Caspian Group» АҚ мен KPMG Samjong Accounting Corp. арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
  1. «Mandarin building» ЖШС, «Singapore International School Kazakhstan» ЖШС және Kinder World International Group арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім;
  1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Nomadic Innovation Hub компаниясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
  1. Nomadic Innovation Hub пен Clockster арасындағы инвестициялық келісім;
  1. Nomadic Innovation Hub пен Snap hunt рекрутинг платформасы арасындағы инвестициялық келісім.

Eкіжақты қарым-қатынастар
31 мая 2024
Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық саясат жөніндегі үйлестіруші министр Хенг Суи Кеатты қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумын ұйымдастырғаны үшін осы елдің Үкіметіне ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, бұл шара Қазақстан мен Сингапур компанияларын екі ел нарығында жаңа мүмкіндіктер іздеуге ынталандырады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында кешенді реформалар жүргізіліп жатқанын айтты.

Хенг Суи Кеат Орталық Азия және АСЕАН елдерінің ынтымақтастығын кеңейтуге Қазақстан мен Сингапур септігін тигізе алатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хенг Суи Кеат үкіметтер мен бизнес құрылымдардың ықпалдастығын нығайту арқылы екіжақты серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін растады.

Сонымен қатар кездесуде мемлекеттік құрылым мен жаһандық экономикаға, оның ішінде цифрландыруға, технологияларды дамытуға, жасанды интеллекті және адам капиталына қатысты мәселелер қарастырылды.

Eкіжақты қарым-қатынастар
31 мая 2024
Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонгпен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Сингапурдың Премьер-министрі лауазымына тағайындалған Лоуренс Вонгты құттықтап, оның жаңа мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы көпжылдық ықпалдастыққа жоғары баға берді.

– Біз Сингапурмен арадағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға баса мән береміз. Екі ел арасындағы тығыз байланыстың ұзақ жылдар бойы берік дәстүрі қалыптасқан. Мен Сингапурмен қарым-қатынас  орнатуға тікелей атсалыстым. 1970-жылдары жас дипломат ретінде маған Сингапурда қызмет ету бақыты бұйырды. Өзім жұмыс істеген жердің мекенжайы да әлі есімде – Nassim road 51, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Сингапурдың өте қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ бұл елдің әлемдік экономикада жетекші орын алатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Сингапурға алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты қатынастарға тың серпін беретініне сенім білдіріп, ол үшін қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.   

Мемлекет басшысының айтуынша, осы сапар аясында жетекші жергілікті компаниялардың басшыларымен кездесіп, өзара мүддені көздейтін нақты бизнес-жобаларды талқылау жоспарланып отыр.

Сингапур Премьер-министрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін мол әлеует бар екенін атап өтті.

Лоуренс Вонг екі елдің экономикасы бір-бірін толықтыратынын және Сингапур АСЕАН елдерімен ықпалдастықты кеңейтуде Қазақстан үшін өзіндік хаб бола алатынын, ал Қазақстан Сингапурдың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететінін мәлімдеді.

Кездесуде экономикалық және инвестициялық ықпалдастық перспективаларына ерекше назар аударылды. Тараптар жасыл энергетика, көлік және логистика, цифрландыру, қаржы, агроөнеркәсіп кешені, коммуникация, аса маңызды шикізатты өндіру және өңдеу, электронды коммерция сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лоуренс Вонг Алматы облысында сингапурлық Surbana Jurong компаниясының қатысуымен Alatau City (G4 City) сияқты аса ірі жобаны іске асыруды, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін арттыруға бағытталған PSA International және «Қазақстан темір жолы» АҚ арасындағы серіктестікті құптады.

Кездесуде білім және ғылым саласындағы қарым-қатынасты нығайту, оның ішінде жоғары оқу орындары арасындағы кооперацияны арттыру, студенттер алмасу және тағы басқа мәселелерге ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан мен Сингапурдың іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту үшін күш-жігер біріктіруге уағдаласты. Мемлекет басшысы екі елдің көпжоспарлы әріптестігін нығайтуға септігін тигізетін Үкіметаралық комиссия құруды ұсынды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Лоуренс Вонгты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Содан кейін Қазақстан Президенті мен Сингапур Премьер-министрі сапар барысында қол қойылған құжаттарды алмасу рәсіміне қатысты. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Сингапурдың Орнықты даму және қоршаған орта министрі, Сауда байланыстарына жауапты министр Грейс Фу бір-бірімен символдық тұрғыда құжат алмасты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Сингапур Республикасының Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы құқықтық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сингапур Республикасының Білім министрлігі арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  6. Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Enterprise Singapore компаниясы арасындағы Сингапур стандарттарын тарату және аудару жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.

Eкіжақты қарым-қатынастар
31 мая 2024
Мемлекет басшысы Сингапур Республикасының Президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізді

Сингапурға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты «Istаna» сарайында Президент Тарман Шанмугаратнам күтіп алды.

Келіссөздердің алдында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан мен Сингапурдың мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылы ротасының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Мемлекет басшысы Президент сарайындағы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті. Сондай-ақ 1970-жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде қызмет еткендіктен, бұл елді өте жақсы білетінін және араға уақыт салып мұнда Қазақстан Президенті ретінде қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Сингапурды уақыт сынынан өткен сенімді серіктес санайды. Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Пандемия салдарынан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, екіжақты сауда көлемі көп ұзамай 2 миллиард доллардан асады.

Қазақстан Президентінің айтуынша, еліміз сенімді саяси диалогқа, қарқынды дамып келе жатқан сауда және инвестициялық байланыстарға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың мүлде жаңа кезеңіне жол ашуға ниетті.

Өз кезегінде Президент Тарман Шанмугаратнам екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму динамикасына жоғары баға берді.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Сингапурмен энергетика, аса маңызды шикізатты өңдеу, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экономика, қаржы технологиясы, агротехнология, логистика және байланыс секілді негізгі салалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.

Президенттер өзара тиімді инвестициялық жобаларды ілгерілету, соның ішінде екіжақты қатынастардың құқықтық базасын нығайту арқылы күш-жігер біріктіруге уағдаласты.

Бұдан бөлек, тараптар білім беру және адам капиталын дамыту бағыттарындағы ынтымақтасты жандандыру қажет деп санайды.

18 апреля 2024
Qazalem порталы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 82-тармағына сәйкес 2023 жылдың 17 сәуірінде Qazalem интернет-сервисі (Qazalem порталы) құрылды. Жоба операторы ретінде «Отандастар қоры» КЕАҚ бекітілді.

Qazalem порталы – Қазақстаннан тыс жерде тұратын отандастарымыздың басын қосып, оларға сервистік қызмет ұсынатын, сондай-ақ елде болып жатқан жаңалықтармен қамтамасыз ететін бірегей интернет-сервис.

Портал шетелдегі отандастарға арналған жобалармен толықтырылған:

- Қазақстанның шетелдегі елшіліктері мен консулдықтарына портал арқылы алдын ала бронь қою модулі;

- Көп функционалды тіркеу формасы:

- Түрлі халықаралық іс-шараларға алдын ала тіркелу;

- Қазақстанға көшіп келуді жоспарлаған қандастар базасына тіркелу;

- Порталдың өзге қолданушыларымен байланысу мүмкіндігі;

- Гид ретінде тіркелу;  

- Ерікті ретінде тіркелу;  

- Қазақ тілін білу деңгейін анықтау функциясы;

- Серіктес компаниялар ұсынған инвесторларға және туристерге арналған ұсыныстар мен сервистер пакеті;

- “Отандастар қоры” ұсынған жобалар;

- 400-ден аса фотосурет пен 55 тақырып бойынша ақпарат топтастырылған  Қазақстан туралы цифрлық энциклопедия;

- Қазақстанға қатысты отандық және халықаралық іс-шаралардың аңдатпалары;

- Шетелдегі қазақтардың 111 ірі қауымдастығы туралы ақпарат көрсетілген дүниежүзілік интерактивті карта;

- Қандастарға заңдық-құқықтық кеңестер жарияланған бөлім;

- Интернет-қауымдастық, фан-клубтар, шетелдегі отандастар ұйымдары туралы ақпараттық бөлім;

Портал алдағы уақытта шетелдегі қолданушыларға арналған бірнеше бағыттағы қызықты жобаларды жарыққа шығаруды көздейді.

Атап айтқанда, қазақ тілі, ұлттық тағамдар, домбыра және тоғызқұмалақ бойынша бірнеше тілде онлайн курстар енгізбек. Сондай-ақ, қазақстандық гидтерге, еріктілерге, ұлттық брендтерге, шығармашылық байқауларға, бизнеске арналған жобалар да енеді.

Байланыс:

Email: qazalem.kz@gmail.com

YouTube: QAZALEM CHANNEL

Facebook: Qazalem.kz

Instagram: Qazalem.kz

Telegram: Qazalem.kz

18 апреля 2024
Қазақстанда «Qazaq Culture» бірегей жобасы іске қосылды

Жаңа ақпараттық-танымдық портал Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық брендті дәріптеу және қазақ халқының тарихы мен мәдениетін таныстыру мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен іске қосылды.

Сайттың құрылуы – Қазақстанның мәдени мұрасы мен сан түрлі ерекшелігін әлемге танытуда жасалған маңызды қадам. Ел ішінде де, алыс-жақын шет елдерде де мәдени құндылықтарды насихаттау – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметі алдына қойған басты міндеттерінің бірі.

Ауқымды жоба 8 тілде, яғни БҰҰ-ның алты ресми тілі мен қазақ және түрік тілдерінде қолжетімді.

Ақпараттық порталда мұрағат қорының деректері де енгізілген. Бұл бөлімде мұрағаттардағы құнды деректер, құжаттар мен архивтік тарихи материалдармен еркін танысуға болады. Бұл бастама – зерттеушілер, тарихшылар және тарихқа қызығушылық танытатындар үшін баға жетпес ресурс.

Сайттың негізгі бөлімі – жаңалықтар блогы. Елдегі және әлемдегі барлық мәдени жаңалықтар осы айдарда жарияланатын болады. Жоба айтулы фестивальдар, жәрмеңкелер мен конкурстар, сондай-ақ театр қойылымдары мен отандық фильмдердің премьерасы, танымал және жас жазушылар кітаптарының тұсаукесері, көрмелер, мерейтойлық мерекелер, түрлі ауқымдағы өңірлік жобаларды қамтиды.

Сонымен қатар платформада еліміздегі өнер және мәдениет саласындағы басты оқиғалар мен жаңалықтар туралы қазақстандық мобильді қосымшалар көрсетілген ақпарат орналастырылады.

«Қазақстан мәдениеті жасанды интеллект призмасы арқылы» бөлімі – виртуалды түрде барлық өңірлер мен олардың көрікті жерлерін зерделеуге мүмкіндік береді.

Порталда ақпараттық технологияларға ерекше назар аударылды. «Qazaq Culture» көрерменге виртуалды 3D-тур арқылы Қазақстанның өңірлері мен олардың көрікті жерлерін зерттеуге жол ашады. Ал жасанды интеллектің көмегімен сайттың әрбір қонағы фотосуретін енгізіп, өзін батыр немесе Ұлы дала жауынгері бейнесінде көре алады.

Сайттың басты ерекшелігі – бірыңғай билет жүйесі. Портал қолданушыларына ыңғайлы болу үшін белгілі бір мәдени іс-шараның билетін сатып алуға сілтеме беріледі.

16 апреля 2024
Президент әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды

Астана, Қазақстан, 2024 жылғы 15 сәуір – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына қол қойды. Бұл заңдар әйелдер мен балаларды қорғауды айтарлықтай күшейтеді. 21 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің төменгі палатасы бекіткеннен кейін Қазақстан Сенаты заң жобасын 11 сәуірде қабылдады. Бұл заң Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аймағында әйелдер мен балаларды қорғаудың жаңа шараларын енгізген бірінші заң болып табылады.

Заңнама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың директиваларына сәйкес Балалар Құқықтары Жөніндегі Уәкілмен, Парламент депутаттарымен және әртүрлі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленді. Заң осал топтарға қолдау көрсету және зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу үшін сенімді инфрақұрылымды дамытуға баса назар аудара отырып, Бүкіл Қазақстан бойынша отбасылар мен балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Әйелдер мен балаларға қатысты барлық зорлық-зомбылық актілері үшін жауапкершілікті күшейтетін, отбасы институтын нығайтатын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін арттыратын нормалар енгізілді. Атап айтқанда, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Сонымен қатар, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды.

Өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Сол сияқты 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды, бұл жастарды қорғауға деген үлкен міндеттемені көрсетеді.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті. Сонымен қатар, қоғамдық көлікте 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды.

Сондай-ақ, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті болады.

Оған қоса, неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпы адамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған.

Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы құқықтық шараларды күшейтуді жақтады, оны биыл наурызда Ұлттық Құрылтайдың (Конгресс) үшінші отырысында үлкен әлеуметтік зұлымдық деп ерекше атап өткен болатын. Президент 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын жариялаған болатын. Мемлекет басшысының бұл мәселемен күресуге деген ұстанымы Үкіметтің азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға деген ұмтылысын көрсететін жаңа заңнаманың нақты ережелерінен көрінеді.

Бұл заң Қазақстанның әлеуметтік әділеттілік пен әйелдер мен балаларды қорғауға деген ұмтылысындағы маңызды қадамды білдіреді.

01 апреля 2024
Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінің төрағасы А.Оразбайдың мақаласы

О начале председательства Астаны в Международном Фонде спасения Арала

 

Уважаемый читатель!

Меня зовут Асхат Оразбай и я являюсь председателем Исполнительного Комитета Международного Фонда спасения Арала (МФСА), в котором Казахстан осуществляет председательство в течение 2024-2026 годов.

Хотел бы поделиться с аудиторией деятельностью МФСА, направленной на улучшение ситуации в бассейне Аральского моря и на протяжении 30 лет служащей интересам народов и государств Центральной Азии.

В современных реалиях с повсеместным ростом населения, быстрыми темпами развития экономик государств, увеличением удельного потребления воды на душу населения, неизменно нарастает нагрузка на окружающую природную среду. Такая интенсификация антропогенного воздействия провоцирует и ускоряет процессы глобального изменения климата. В Центральной Азии все эти процессы протекают более ускоренными темпами, чем в среднем на планете. Экологический кризис в бассейне Аральского моря сопровождается прогрессирующим дефицитом и загрязнением водных ресурсов, деградацией земель и опустыниванием обширных территорий, потерей лесов, эко-ландшафтов и биоразнообразия. На огромной площади обсохшего дна Аральского моря образовалась новая пустыня – Аралкум размером более 54 тысяч квадратных километров (для сравнения: это сопоставимо с территорией Хорватии и гораздо больше Эстонии, Дании, Нидерландов и Швейцарии).

В этих напряженных условиях для государств Центральной Азии весьма актуальна разработка новых механизмов развития сотрудничества в регионе. Основной целью председательства Республики Казахстан в МФСА является дальнейшее повышение уровня сотрудничества по вопросам комплексного использования и охраны водных ресурсов, решения экологических проблем, социально-экономических аспектов и внедрение элементов «зеленой» экономики в странах Центральной Азии.

В период председательства Казахстана будем продолжать реализацию двух основных программ, утвержденных Правлением МФСА: Программы действий по оказанию помощи странам бассейна Аральского моря (ПБАМ-4) и ее систематизированный мониторинг, а также Региональной программы по охране окружающей среды для устойчивого развития Центральной Азии (РПООСУР ЦА). Период реализации обеих Программ – до 2030 года.

Экологическая проблема Аральского моря стала появляться в 1960-1970-ые годы и привела к тому, что от четвертого по величине озера на нашей планете практически ничего не осталось. Сначала Арал разделился на два водоема, потом на три и т.д.

В годы Независимости Казахстан при поддержке Всемирного банка произвел комплексные работы и смог восстановить небольшую часть – Малый Арал или Северное Аральское море, но это лишь около 8% от первозданного значения. Портовый город Аральск до сих пор находится вдали от воды, которая сначала ушла на 100 км, но после принятых мер значительно приблизилась.

Частицы и пыль солей и ядовитых химикатов, оставшихся на осушенном дне Арала, находят не только в горах Тянь-Шаня и Памира, но и далеко за пределами нашего региона. В целях снижения выноса вредных веществ страны Приаралья активно занимаются фитомелиоративными мероприятиями, посадками саксаула и другой растительности.

Но так ли эффективны посадки растений на бывшем дне водоема? В каком состоянии находятся сейчас экосистемы? Как известно, из-за нескольких маловодных лет подряд сток по Сырдарье снизился и объем воды в Северном Аральском море снизился с максимальных 27 до 20 кубокилометров. Уменьшился улов рыбы и это негативно влияет на занятость местного населения. Вновь растет заболеваемость населения из-за опустынивания и ухудшения качества воды… Не повторится ли вновь трагедия? Каковы настроения и планы местных жителей? Вопросов очень много и все они взаимосвязаны между собой.

Считаю, что нам необходимо изучить весь спектр проблем и осуществляемых работ, актуализировать их и постараться скорее и эффективнее решить.

В четвертой Программе действий по оказанию помощи странам бассейна Аральского моря (ПБАМ-4), о которой я ранее упомянул, отдельным основным направлением выделено экологическое направление, состоящее из 12 проектных предложений.

Хотел бы отметить, что предусматриваются совместные действия по адаптации к изменению климата, включая меры по адаптации наиболее уязвимых секторов: водное и сельское хозяйство, питьевая вода, энергетика, биоразнообразие, лесные, пастбищные и горные экосистемы. Предусматривалась разработка регионального плана действий по адаптации к изменению климата и благодаря поддержке Программы Германского общества по международному сотрудничеству GIZ «Зеленая Центральная Азия» пять наших стран разработали и приняли Региональную стратегию по адаптации к изменению климата в Центральной Азии.

Также предусматривается распространение наилучших климато-адаптированных практик сельского хозяйства. Нам предстоит разработать Региональную программу охраны биологических ресурсов Центральной Азии, реализовать меры по сохранению и восстановлению экосистем бассейнов основных наших рек – Амударьи и Сырдарьи, продолжить системные лесопосадки в зоне Приаралья и на осушенном дне Аральского моря.

Следующими проектами экологического направления предусматривается развитие системы мониторинга состояния окружающей среды и водных ресурсов в регионе Приаралья и на осушенном дне моря; развитие экологических инноваций и технологий в зоне Приаралья.

Весьма важным считаю такой проект как «Улучшение качества воды в реках и водоемах с учетом международных стандартов, ликвидация и предупреждение загрязнений, в том числе производственными отходами». Казахстан и другие страны проводят работу по присоединению к Протоколу по проблемам воды и здоровья к Конвенции по охране и использованию трансграничных водотоков и международных озер, а Узбекистан недавно уже присоединился к нему.

Снижение рисков стихийных бедствий, связанных с наводнениями, селевыми потоками и засухами в бассейне Аральского моря, изучение состояния ледников в верховьях трансграничных рек, развитие трансграничных эко-коридоров, региональных сетей особо охраняемых природных территорий для сохранения биоразнообразия – это далеко неполный перечь тех проектов, которые мы должны продвинуть в период нашего председательства в МФСА.

Если говорить о новых инициативах, которые будут проводиться в рамках председательства Казахстана в МФСА, то это создание долгосрочного и устойчивого регионального механизма сотрудничества для эффективного использования водно-энергетических ресурсов Центральной Азии с учетом интересов всех стран региона в сферах ирригации, гидроэнергетики и экологии. Также необходима планомерная работа по внедрению единой автоматизированной системы учета, мониторинга, управления и распределения водных ресурсов в бассейне Аральского моря. Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев на заседании Совета Глав государств-учредителей МФСА 15 сентября 2023 года в г. Душанбе призвал стороны приступить к реализации этих инициатив.

Немаловажную роль играет укрепление регионального сотрудничества с международными партнерами по развитию, структурными подразделениями ООН, финансовыми институтами и донорским сообществом. Также целесообразно активизировать деятельность в рамках общепринятых международных природоохранных конвенций, планов действий, деклараций и совместных заявлений.

В период 2024-2026 гг. Казахстан предпримет меры по реализации поручений и договоренностей, достигнутых главами государств на Саммите МФСА 15 сентября 2023 г. в г. Душанбе, а также ранее заключенных соглашений и принятых обязательств, что обеспечит последовательность действий ЦА по достижению глобальных ЦУР и ее позиционирование как единого региона.

 

С уважением,

Председатель Исполкома МФСА Асхат Оразбай

Социальные сети
Youtube
Instargram
Twitter
Telegram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы