Меню

Страницы

Статья

Қазақстан-Аустралия қатынастары

Қазақстан-Аустралия қатынастары

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 22 маусымда орнады. Аустралия елшілігі Қазақстан Республикасында 1995 жылдан 1999 жылға дейін жұмыс істеді.

1996 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Аустралиядағы консулдығы жұмыс істеді.

2009 жылғы қарашадан бастап Батыс Аустралия штатының Перт қ. Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы, Джейсон Стирбинскис, «Drake Resources» компаниясының басқарушы директоры.

2014 жылғы 6 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Мельбурндағы Құрметті консулы «Australasia Pacific Pty Ltd» компаниясының Президенті Эндрю Фернихоу болды.

2014 жылғы 18 қарашада Сидней қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығының ашылуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды.

2019 жылғы 26 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Сидней қаласындағы Бас консулы Марат Қалижанов болып табылады.

2019 жылдың 28 маусымынан бастап Аустралияның Ресей Федерациясындағы және Қазақстандағы елшісі қызметін қоса атқаратын Грэм Михан (Graeme Meehan).

Саяси ынтымақтастық

1996 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Аустралияға алғашқы ресми сапары болып, саяси диалогтың негізін қалап, екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын белгіледі.

Елдер арасындағы алғашқы екіжақты саяси байланыстар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Терещенконың 1993 жылғы шілдеде Канберраға жасаған сапары кезінде, сондай-ақ 1994 жылы сәуірде Аустралия генерал-губернаторы Б. Хейденнің Қазақстанға сапары кезінде орнатылды.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Аустралияның Сыртқы істер министрі К. Радд Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты. 2011 жылғы маусымда Сыртқы істер министрі К. Радд ИКҰ-ның 38-ші СІМК қатысу үшін Астанаға келді.

2012 жылғы тамызда Аустралия Парламентінің депутаттары К. Доуд, Г. Дженкинс және Г. Эванс «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарудан бос әлемге» атты халықаралық конференцияға қатысты.

2012 жылғы сәуірде Астанада бірінші СІМ аралық консультациялары өтті, оның барысында екі жақ қызығушылық білдірген қатынастардың мәселелері талқыланды.

2014 жылғы 1 қыркүйекте Самоада БҰҰ-ның шағын аралдық дамушы мемлекеттер жөніндегі конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың Аустралия СІМ басшысы  Дж.Бишоппен екіжақты кездесуі өтті.

2015 жылғы 24-25 маусымда Канберрада екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғалары деңгейінде қазақстан-аустралиялық саяси консультациялар өтті.

2016 жылғы 8-13 сәуірде «ЭКСПО-2017» Комиссары Р. Жошыбаев Аустралияға екіжақты ынтымақтастықты нығайту және көрмені алға бастыру мақсатында барды.

2016 жылғы 6-7 қарашада тау-кен және табиғи ресурстар бойынша халықаралық конференцияға қатысу үшін Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы А.Надырбаев бастаған ҚР ИДМ делегациясы Аустралияға сапары өтті.

2017 жылғы 28 ақпанда Женевада Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның жыл сайынғы сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахмановтың Аустралияның Халықаралық даму және Тынық мұхиты істері бойынша министрі К. Фиерраванти-Веллспен екіжақты кездесуі өтті.

2017 жылғы 26 мамырда Астанада екі елдің сыртқы істер министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғалары деңгейіндегі кезекті қазақстан-аустралиялық саяси консультациялар өтті.

2021 ж. 14 сәуірде онлайн режимде Қазақстан мен Аустралия сыртқы саяси ведомстволары арасында консультациялардың кезекті раунды өтті. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Аустралия ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны кеңейту перспективаларын талқылап, соңғы жылдары қалыптасқан өзара іс-қимылдың оң қарқынын атап өтті.

2022 ж. 16 қазанда ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітов ирригациялық жүйелерді цифрландырумен айналысатын австралиялық Rubicon Water компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар Қызылорда облысында бірлескен жобаны іске қосу мүмкіндігін талқылады. 

2023 ж. 5-8 желтоқсан аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация мал шаруашылығын жүргізудің озық әдістерін зерделеу мақсатында Австралияға барды. Оның құрамына агробизнес, ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Түркістан, Қостанай, Алматы мен Жетісу облыстары әкімдіктерінің басшылығы кірді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2023 жылғы  Қазақстан мен Аустралия арасындағы тауарлар айналымының жалпы көлемі 96,3 млн. АҚШ доллары, оның ішінде экспорт – 9,2 мың АҚШ долл., импорт – 87,1 млн. АҚШ долл. құрады.

2005-2023 жж. аралығында ҚР-ға құйылған Аустралия тікелей инвестициясы 51,5 млн. долл. құрады.

Экспорттың негізгі өнімі – сульфаттар, ашудастар, хромның триоксиді, мырыш, ферроқорытпалар, қара металл бұйымдары, табиғи құм, электр станциялары және басқалары. Аустралиядан импорт тау-кен өндірісіндегі арнайы жабдықтар (фронтальды шелек тиегіштер, самосвалдар, көлік құралдарына арналған шиналар және доңғалақ тысылар, сұрыптау жабдықтары, домкраттар, көтергіштер, тиегіштер), сорғылар, өстік желдеткіштер, тежеу құрылғылары, есту аппараттары, медициналық құралдар, сүт майлары және т.б. құралған.

Қазақстанда Аустралияның қатысуымен 42 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер жұмыс істейді.

Қазақстанда Аустралияның «Rio Tinto», «Iluka Resources», «ALS Minerals», «Orica-Казахстан», «Kazakhstan Potash Corporation», «Austmine» атты ірі тау-кен компаниялары сәтті жұмыс атқаруда.

 

Дата публикации
17 февраля 2020
Дата обновления
17 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
27 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
27 марта 2024
Құжаттарды заңдастыру
27 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Instargram
Facebook
Telegram
Twitter
Youtube

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары