1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Өзінің дипломатиялық қызметін 1998 жылы ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің Еуропа және Америка басқармасының референті қызметінен бастады.
1999-2001 жылдары – ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшысы. 2001-2004 жылдары Қазақстанның Литвадағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы болды.
2004-2005 жылдары Еуропа және Америка департаментінде және Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамды бағалау департаментінде бірінші хатшы болып жұмыс істеді.
2005 жылы ҚР СІМ Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамды бағалау департаментінің бөлім бастығы болды.
2005-2007 жылдары Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің кеңесшісі, ал 2007-2009 жылдары ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі болды. 2010-2011 жылдары ҚР СІМ ЕҚЫҰ департаментінің басқарма бастығы, директорының орынбасары, 2011-2012 жылдары ҚР СІМ Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2012-2013 жылдары Қазақстанның Канададағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі, 2014-2015 жылдары Малайзиядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2016-2018 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары – Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің кеңесшісі.
Қазақстанның Сингапурдағы, Аустралия және Жаңа Зеландия қоса атқарушы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.