Шанхай, 2025 жылғы 27 наурыз – Екіжақты өңіраралық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Ляньюньган қ. Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің (Цзянсу пров.) Басшысы Хуэй Цянмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Ляньюньган қ. (Цзянсу пров.) арасындағы сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық және мәдени-білім беру ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Ляньюньган қаласы (Цзянсу пров.) Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға уағдаласты.