Қазақстанның Бас консулы Рахимов Рахымжан Тунцзи университетінде болды

Қазақстанның Бас консулы Рахимов Рахымжан Тунцзи университетінде болды

Шанхай, 2025 жылғы 27 наурыз – Тунцзи университеті басшылығының шақыруымен Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов осы оқу орнына барып, Тунцзи университетінің Проректоры Лоу Юнцимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Тунцзи университеті арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға келісті.

Тунцзи университеті Қытайдағы ең ірі мемлекеттік оқу орындарының бірі. Бұл университетте бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары аясында әртүрлі инженерлік, техникалық, медициналық және гуманитарлық мамандықтар оқытылады.