Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай Қоғамдық қауіпсіздік бюросының басшылығымен кездесті

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай Қоғамдық қауіпсіздік бюросының басшылығымен кездесті

Шанхай, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай қ. Халық үкіметі Қоғамдық қауіпсіздік бюросының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Директоры Ян Цзюньмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдары мен Шанхай қаласының арасындағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Шанхай қ. Халық үкіметінің Қоғамдық қауіпсіздік бюросының Халықаралық ынтымақтастық департаменті арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыруға уағдаласты.