Сямэнь қаласының (Фуцзянь пров.) Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Сямэнь қаласының (Фуцзянь пров.) Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Шанхай, 2025 жылғы 13 наурыз – Екіжақты өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Сямэнь қ. (Фуцзянь пров.)  Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесі басшысының орынбасары Яо Цзяньхунмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Сямэнь қ. (Фуцзянь пров.) арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Сямэнь қаласындағы (Фуцзянь пров.)  Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі арасындағы жұмыс байланыстарын жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.