Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Фудань университетіне барды

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Фудань университетіне барды

Шанхай, 2024 жылғы 28 наурыз – Фудань университеті басшылығының шақыруымен Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов осы оқу орнында болып, Фудань университетінің Ректоры Цзинь Лимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Фудань университеті арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.

Фудань университеті 1905 жылы құрылған және Қытайдағы ең ірі мемлекеттік оқу орындарының бірі болып табылады. Бұл университетте бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары аясында түрлі гуманитарлық және техникалық мамандықтар оқытылады.