Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Цзянсу провинциясының Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен онлайн кездесу өткізді

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Цзянсу провинциясының Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің басшылығымен онлайн кездесу өткізді

Шанхай, 2024 жылғы 28 наурыз – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Цзянсу провинциясы Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесінің Азия және Еуропа елдері департаментінің директоры Сюй Лулумен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Цзянсу провинциясы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы мен Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесі арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.