Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай қ. Жоғарғы Халық соты Сыртқы істер кеңсесінің Басшысымен кездесті

Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Шанхай қ. Жоғарғы Халық соты Сыртқы істер кеңсесінің Басшысымен кездесті

Шанхай, 20 наурыз 2024 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Шанхай қ. Жоғарғы Халық соты Сыртқы істер кеңсесінің Басшысы Сюй Сянмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Шанхай қаласы арасындағы сот өзара іс-қимылын одан әрі дамыту, сондай-ақ 2024 жылы түрлі бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Шанхай қ. Жоғарғы Халық сотының Сыртқы істер кеңсесі арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.