Шанхайда Ханчжоу қаласымен сауда-инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды

Шанхайда Ханчжоу қаласымен сауда-инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды

Шанхай, 18 наурыз 2024 жыл – Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов Ханчжоу қ. (Чжэцзян пров.) Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті (ҚХСЖК) және Ханчжоу қ. (Чжэцзян пров.) Қытайдың халықаралық сауда палатасы Төрағасының орынбасары Чжан Хунбинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мүдделі өңірлері мен Ханчжоу қ. (Чжэцзян пров.) арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ 2024 жылы түрлі бірлескен сауда-инвестициялық іс-шараларды өткізу перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы мен Ханчжоу қ. (Чжэцзян пров.) ҚХСЖК арасындағы байланыстарды жандандыруға келісті.

Ханчжоу қ. (Чжэцзян пров.) ҚХСЖК қызметінің негізгі бағыттары Ханчжоу қ. (Чжэцзян пров.) шет елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілету, сондай-ақ сауда, инвестициялар және арбитраж салаларындағы Қытай және шетелдік кәсіпорындарға жәрдемдесу болып табылады.