Шанхай, 2023 жылғы 3 ақпан – Қазақстанның Бас консулы Рахымжан Рахимов «Ant Group» корпорациясының (Шанхай кеңсесі) Қоғамдық саясат және үкіметтік қатынастар департаментінің директоры Чжан Инфанмен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
«Ant Group» корпорациясы құрамына «Alipay» (кешенді қаржылық және цифрлық қызметтерді ұсынатын ірі әлемдік төлем жүйелері мен цифрлық платформалардың бірі), «MyBank», «Zhima Credit» және т. б. сияқты кәсіпорындар кіретін қытайлық ірі финтех компаниялардың бірі болып табылады.