Хэфэйде «JAC Holding» компаниясының басшылығымен кездесу өтті

Хэфэйде «JAC Holding» компаниясының басшылығымен кездесу өтті

Хэфэй, 2022 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы «Kazakh Invest» ҰК АҚ» ҚХР-дағы өкілдігімен бірлесіп «JAC Holding» компаниясының Басқарма Төрағасы Сян Синчумен және «JAC Group» компаниясының Бас директорының орынбасары Чжан Пэнмен кездесу өткізді. Айта кету керек, «JAC Holding» – Қытайдың ең ірі автомобиль компанияларының бірі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.