«Chery Holding» компаниясының басшылығымен екіжақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды

«Chery Holding» компаниясының басшылығымен екіжақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Хэфэй, 2022 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстанның Шанхай қ. Бас консулдығы «Kazakh Invest» ҰК АҚ» ҚХР-дағы өкілдігімен бірлесіп «Chery Holding» компаниясының Бас менеджерінің халықаралық бизнес жөніндегі орынбасары Цзян Шэнмен кездесу өткізді. Айта кету керек, «Chery Holding»  – Қытайдың ең ірі автомобиль компанияларының бірі болып табылады.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.