Шанхай, 2022 жылғы 25 шілде – Қазақстанның Бас консулы Рахымжан Рахимов «Ant Group» корпорациясының (Шанхай кеңсесі) Қоғамдық саясат және үкіметтік қатынастар департаментінің директоры Чжан Иньфанмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
«Ant Group» корпорациясы құрамына «Alipay» (кешенді қаржылық және цифрлық қызметтер ұсынатын әлемдік төлем жүйелері мен цифрлық платформалардың бірі), «MyBank», «Zhima Credit» және т.б. сияқты кәсіпорындар кіретін Қытайдың ең ірі финтех компанияларының бірі болып табылады.