Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XIX отырысы 2021 жылғы қазанда Қазақстанда өтеді

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XIX отырысы 2021 жылғы қазанда Қазақстанда өтеді

2021 жылғы 5-6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XIX отырысы өтеді. Атап айтқанда, ү.ж. 5 қазанда Съез Хатшылығы Жұмыс тобының отырысы өтіп, ү.ж. 6 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен XIX Съезд Хатшылығы өтеді.

XIX Съезд Хатшылығының күн тәртібі мынадай мәселелерді қарауды көздейді:

    1. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық барысы мен пандемиядан кейінгі даму жағдайындағы Съездің маңызы.
    2. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мәдениеттер мен өркениеттердің жақындасуындағы қазіргі заманғы діни көшбасшылардың рөлін анықтау, халықтар достастығын нығайту үшін 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің пленарлық және секциялық отырыстарының форматы, сондай-ақ тақырыбын анықтау.
    3. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет медалін беру критерийлері.
    4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі көрнекті рөлі туралы арнайы құжат жобасын талқылау.
    5. Съез Хатшылығының ХХ отырысын өткізу күні мен орнын айқындау.

XIX Хатшылықтың құрамына шетелдік діни жетекшілер мен халықаралық орталықтар басшыларының өкілдері енгізіледі. Атап айтқанда, Әл-Азхардың Исламдық зерттеулер академиясы (Египет), Дүниежүзілік Ислам Лигасы (Сауд Арабиясы), Кавказ мұсылмандары басқармасы (Әзірбайжан), Ислам, шақыру және тәлім беру істері жөніндегі министрлік (Сауд Арабиясы), Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институты (Пәкістан), Мысыр Уақыфтар министрлігі, Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімі, Армян апостолдық шіркеуінің украин Епархиясы, Қасиетті Тақтың Папалық кеңесінің дінаралық диалог бойынша Ислам бюросы (Ватикан), Англикан шіркеуі (Ұлыбритания), Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы, Израильдің Бас сефард раввині, Израильдің Ашкенази раввині, Дүниежүзілік буддистер қауымдастығы (Таиланд), Қытай буддистер қауымдастығы, Қытай даосистер қауымдастығы, "Джинджя Хонче" синтои ұйымы (Жапония), «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламалары (Үндістан), БҰҰ Өркениеттер альянсы (АҚШ), Мұсылман ақсақалдар кеңесі (БАӘ) және т.б.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысына қатысушылардың толық тізімі Н. Назарбаев орталығының сайтына орналастырылады: http://religions-congress.org.

Жалпы ақпарат. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы - бұл әр отырыстың қызметін қамтамасыз ететін Съездің жұмыс органы.

2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші Съезіне қатысушылардың шешімі бойынша құрылған.

Съез Хатшылығының басшысы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. Хатшылық құрамына ислам, христиан (православие, католицизм, лютерандық), буддизм, иудаизм, индуизм, зороастризм, даосизм, синтоизмнен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өкілетті өкілдері кіреді.

2003-2021 жылдар аралығында Съез Хатшылығының 18 отырысы өткізілді.

Хатшылық:

– Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кеңесі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездерін қамтамасыз етеді;

– Кеңестің бекітуіне Съездің ұсыныстары мен күн тәртібін әзірлейді;

– декларация, мәлімдеме мәтіндерінің және кеңес қабылдайтын өзге де қорытынды құжаттардың жобаларын дайындайды;

– шешім жобаларын немесе өзге құжаттарды Кеңес мүшелеріне таратуды қамтамасыз етеді;

– Кеңестің тапсырмасы бойынша хатшылықтың басшысы Съезді басқа дінаралық форумдармен және ұйымдармен қарым-қатынаста ұсынады.