Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Шаңхайда өткен халықаралық шетел инвестициялары конференциясында таныстырылды

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Шаңхайда өткен халықаралық шетел инвестициялары конференциясында таныстырылды

Шаңхай, 2026 жылғы 27 наурыз

2026 жылғы 25–28 наурыз аралығында Шаңхай қаласында Бірінші халықаралық шетел инвестициялары конференциясы өтті (Overseas Investment Fair 2026). Аталған іс-шара Қытай компаниялардың шетелдік инвестициялық қызметін ілгерілетуге бағытталған жаңа мамандандырылған алаңы ретінде қарастырылып отыр. Қытайдың халықаралық инвестицияларды ілгерілету жөніндегі кеңесі, Шаңхай қаласының муниципалдық үкіметі мен бейінді мемлекеттік құрылымдары бұл іс-шараны Shanghai Eastern Hub International Business Cooperation Zone базасында ұйымдастырды.

Қазақстан тарапынан іс-шараға Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, сонымен бірге «QazTrade» Акционерлік қоғамының Нанкин, «Khan Tengri Innovation Hub» компаниясының Шаңхай қалаларындағы өкілдері қатысты.

Конференция жұмысы шетел инвестициялары тақырыбына арналған көрмелер, G2B/В2В кездесулер мен келіссөздер форматында өтті. Форум жұмысына халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, инвестициялық агенттіктердің, сауда-өнеркәсіп палаталары мен іскерлік қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ Fortune Global 500 деңгейіндегі корпорацияларды қоса алғанда, ірі қытайлық және халықаралық компаниялар қатысты.

ҚР-дың Шаңхай қаласындағы Бас консулдығы Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстыруға арналған жеке панельдік сессиясын ұйымдастырды. Бас консул Н.Аққошқаров аталған сессия кезінде қатысушыларды инвестицияларға арналған елдегі шараларымен таныстырды. Таныстыру кезінде Еуразиялық хаб ретінде Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетіне, ЕАЭО, Орталық Азия және Еуропа нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етудегі рөліне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қ.Есболатов сессияда Алматы облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру кезінде, мемлекеттік қолдау шаралары мен басымдық берілетін салалары, өнеркәсіп кешендері мен туристік әлеуеттері мен басқа инвестжобаларды таныстырды. Алматы облысында салуға жоспарланған Alatau City жаңа қаласы туралы ақпарат Қытай инвесторлары арасында қызығушылық тудырды.

Сессиядан кейін ҚР Бас консулдығы ұйымдастырған G2B/B2B форматындағы екіжақты келіссөздер барысында қытайлық компаниялары өндіріс және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу, логистикалық бағыттарды дамыту, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері талқыланды.

Қорытындылай келе, OIF 2026 форумына қазақ тарапының қатысуы ҚХР жаңа бейінді алаңында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін жүйелі түрде ілгерілетуге, әлеуетті инвесторлармен тікелей байланыстар орнатуға және бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік берді.