Шаңхайда «Барыс» тобы қатысуымен хоккей жарысы өтті

Шаңхайда «Барыс» тобы қатысуымен хоккей жарысы өтті

2026 жылы 7 наурызда Шаңхай қаласындағы Oriental Sports Center алаңында Континенттік хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» (Астана) мен «Шаңхай айдаһарлары» командалары арасында матч өтті. Аталған ойын хоккейді танымал етуге бағытталған KHL World Games халықаралық жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Матчтың алдында Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулы Н.Аққошқаров дәстүрлі шайба тастау рәсіміне қатысты.

Ойын жанкүйерлерге өте ұнады. 18 мың көрерменге арналған алаң толық болды. Сонымен қатар, Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы «Барыс» хоккей клубы әкімшілігінің қолдауымен Қазақстанның студенттерімен басқа да азаматтарына 100-ден астам тегін билет таратты.

Жарыс астаналық «Барыс» клубының 8:4 есеп жеңісімен аяқталды.