
Шаңхай, 2026 жылғы 13 ақпан
Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулдығында Шаңхай қаласы Халық үкіметінің Сыртқы істер канцеляриясы өкілдерімен кездесу өтті, оның барысында тараптар Шаңхай мен Алматы бауырлас қалалары арасындағы практикалық өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ Астана қаласымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Кездесудің негізгі тақырыбы 2026 - 2028 жылдарға арналған Алматы қаласы әкімдігі мен Шаңхай қаласы мэриясы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Практикалық іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) пысықтау болды. Тараптар бұл қадам екі мегаполис арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамытуға бағытталған байланыстарды тереңдетудің негізі болатыны жөнінде ортақ пікір білдірді.
Бас консул Н.Аққошқаров екіжақты қатынастарды іске асыруын оңтайландыру маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда ол Алматы қ. әкімдігі мен Шаңхай қ. мэриясы арасындағы Жол картасын қабылдаудың, сондай-ақ екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту және өңірлік жаңа ынтымақтастықтың келешегін ашу мақсатында биыл Шаңхай мэрі Гун Чжэннің Алматыға сапарын ұйымдастырудың маңызын жеткізді.
Шаңхай қ. Сыртқы істер канцеляриясы басшысының орынбасары Фан Сяо ханым ҚР мен ҚХР-дың негізгі қалалары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мен практикалық тұрғыда дамыту маңыздылығын атады. Осыған байланысты, қытай тарапы ағымдағы жылдың бірінші жартысында Шаңхай мэрі Гун Чжэннің Алматы және Астана қалаларына сапарын ұйымдастыруды ұсынды.
Сонымен қатар, ол 2026 жылғы 26 - 28 наурыз аралығында «Шаңхай шығыс торабы» халықаралық коммерциялық ынтымақтастық аймағында Шет ел инвестициялары конференциясының бірінші жиынын өтетіні туралы хабарлады. Қытай тарапы жыл сайын Шаңхай қаласында өткізуді жоспарлап отырған, осы іс-шараға қазақ тарапында шақырды.
Бас консул қазақ тарапының инвестициялық ынтымақтастықты нығайту үшін аталған конференция жұмысына қатысуға келісімін білдірді.
Екі елдің қалалары мен өңірлері арасындағы байланыстарды кеңейту мақсатында Н.Аққошқаров Алматы мен Шаңхай арасындағы әуе рейстері санын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл екі қала арасындағы сапарлар мен іскерлік қатынастарды, туризм мен іскерлік байланыстардың дамуына оң серпін беретіні айтылды. Қазақстан мен Қытайдың өзара мәдениет жылы аясында тараптар Алматы мен Шаңхай қалалары арасында мәдени іс-шаралар өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Бас консул Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бастамашылық еткен жүргізіліп жатқан өзгерістер мен реформалар туралы айтты. Дипломат жаңа Конституция жобасын қабылдау үшін 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтетінін, оның Қазақстан дамуының маңызды кезеңі болатынын хабарлады.