
Шанхай, 2026 жылғы 13–14 қаңтар —
Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулдығының үйлестіруімен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.А. Әбдікәрімовтың жұмыс сапары кезінде Шаңхай қаласында Suzhou Hunan New Materials қытай компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстанның Ақтөбе облысы әкімдігі мен Suzhou Hunan New Materials компаниясы арасында Хром кендерін терең өңдеу бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесу барысында қытайлық компаниясы хром кендерін терең өңдеуге бағытталған, екі кезеңмен жүзеге асырылатын инвестициялық жобаны таныстырды. Жобаның бірінші кезеңінде инвестиция көлемі 150 млн АҚШ долларына дейін жететін хром концентратын өңдеу өндірісін құру көзделсе, екінші кезеңде металл хромды өңдеуге көшу жоспарланған.
Аталған жоба экономикалық тұрғыдан маңызды әрі Ақтөбе облысының индустриялық даму басымдықтарына және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі міндеттерге толық сәйкес деп бағаланды.
Қытай тарапы жобаны практикалық іске асыру кезеңіне көшуге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік әрі өңірлік органдарымен жүйелі түрде іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін растады.
Suzhou Hunan New Materials — металлургия саласына арналған феррохром балқытумен айналысатын өнеркәсіптік өндіруші болып табылады. Компания өнімі тот баспайтын және арнайы болат түрлерін өндіруде қолданылады.