
Шаңхай, 2025 жылғы 3 желтоқсан –
ҚР-дың Шаңхай қаласындағы ҚР Бас консулдығында Нұрлан Аққошқаровтың Чжэцзян өлкесінің Халық үкіметі Сыртқы істер кеңсесі директорының орынбасары Чэнь Яньциньмен жұмыс кездесуі өтті.
Чэнь Яньцинь Бас консулды тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Чжэцзян өлкесі арасындағы өзара тиімді және практикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік бар екенін растады.
Өз кезегінде Бас консул сапалы өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін білдіріп, екі ел аймақтарының мемлекеттік құрылымдары, іскерлік орта, ғылыми-білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатуға жәрдем көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, іскерлік байланыстарды дамыту, тікелей іскерлік қатынастарды кеңейту, сондай-ақ инвестициялар мен жоғары технологиялар саласындағы ірі көрмелер мен форумдарға қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша ақпарат алмасуды тұрақты түрде қолдап отыруға дайындығын білдірді.
Анықтама үшін: Чжэцзян өлкесі көптеген жылдар бойы ҚХР-дың ірі инновациялық, өндірістік және көлік-логистикалық орталықтарының бірі болып табылады. ҚХР статистика деректеріне сәйкес, 2024 жылы Чжэцзянның ЖІӨ көлемі 1,27 трлн.АҚШ долларын құрады (+5,5%, Қытайдың барлық өңірлері арасында 4-орында).