Қазақстанның өнер туындылары Шаңхайда таныстырылды

Қазақстанның өнер туындылары Шаңхайда таныстырылды

Шаңхай, 2025 ж. 18 қараша -

Қытайдың қаржы орталығы ғана емес, сондай-ақ әлемнің маңызды мәдени-гуманитарлық хабы болып табылатын мегаполисте әлемдік тәжірибе алмасу және халықтар арасындағы өнер мен мәдениет саласындағы іс-шаралар Шаңхайда жиі өтіп тұрады.

2025 жылы 18 қарашада Шаңхайда Орталық және Батыс Азия елдерінің бірлескен көркемсурет көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің негізгі мақсаты – Қытай мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету. Шаңхай көркемсурет мұражайында өткен көрмеге 18 елден астам туындылар ұсынылып, олардың ішінде Қазақстанның да өнері Қытай көрермендеріне лайықты түрде таныстырылды. Қазақ суретшілерінің үш туындысы, атап айтқанда: Өмірбек Жұбаниязовтың «Ақ бие» мен «Сарын» суреттері және Айнұр Шарипованың «Хулан» қыш-құмырасы көрсетілді.

Көрменің ашылу рәсіміне Шаңхай халықаралық мәдениет және туризм сауда басқармасы мен Магнолия халықаралық алмасу қоры, сонымен бірге Шаңхайда орналасқан бірқатар мемлекеттердің консулдық корпустың басшылары мен өкілдері қатысты.

Шаңхай қаласындағы Қазақстанның Бас консулы Нұрлан Аккошқаров іс шара барысында аталған көркемсурет мұражайының директоры Ху Мучин мырзамен екіжақты мәдени ынтымақтастық орнату жолдарын талқылады. Екі тарап Қазақстан мен Қытай арасындағы өнер саласында байланыстарды кеңейтуге дайындығын білдірді, сонымен қатар, Қытай тарапы алдағы жылы аталған мұражайда қазақ өнер шеберлерінің жеке көрмесін ұйымдастыруға қызығушылық танытты. Ху Мучин бұл достық пен мәдени өзара түсіністікті нығайтуға және Қазақстанның бай көркем өнерін Қытайдың мәдени кеңістігіне таныстырудағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.