Қазақстан CIIE–2025 сегізінші Қытай халықаралық импорт көрмесінде ұлттық брендті ілгерілетуді жалғастыруда

Қазақстан CIIE–2025 сегізінші Қытай халықаралық импорт көрмесінде ұлттық брендті ілгерілетуді жалғастыруда

Шанхай, 2025 жылғы 5-10 қараша –

Қазақстан алғашқы күндерден бастап әлемдегі ең ірі нарыққа отандық өнімдерді шығару үшін бірегей алаң саналатын Қытай халықаралық импорт көрмесіне (China International Import Expo, CIIE) белсенді қатысып келеді. CIIE салтанатты ашылуында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цяң мырза көрмеге 150-ден астам елден келген өкілдердің рекордтық қатысуын атап өтті.

Осы жылы Қазақстанның ұлттық ұжымдық стенді 300 шаршы метр аумақты қамтып, «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі» секторында орналасты. Көрмеге сүт, ұн тарту, кондитерлік, май-тоң май, сусындар, бал және тұз өндіру салаларындағы, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды шығаратын 40-тан астам отандық компания қатысты.

Көрменің 120 шаршы метрін қамтыған Алматы қаласының өңірлік стендінде 12 алматылық компанияның өнімдері алғаш рет қойылды. Алматының қатысуы қала өндірушілерінің жоғары экспорттық әлеуетін көрсетіп әрі елдің басқа өңірлері үшін жақсы бастама бола алады.

Қазақстанның ұлттық павильонының ашылу рәсіміне ҚР Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиев пен Алматы қаласының әкімі Д.Сатыбалды қатысты.

Ұлттық стендті таныстыру кезінде Qazaq Gourmet мейрамханасының кәсіби аспаздары қазақ өнімдерінен әзірленген ұлттық тағамдарды ұсынса, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың халық оркестрі Қазақстанның ұлттық әуендері мен және бай дәстүрімен қарсы алды.

CIIE аясында «Қытай – Орталық Азия» еркін сауда форматы бойынша ынтымақтастық платформасының тұсаукесері өтті. Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиев, ҚР-дың Шанхай қаласындағы Бас консулы Н.Аққошқаров және Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов қатысты. Кездесу барысында Ақмола облысының «Қытай – Орталық Азия» платформасына тіркелуі және Цзянсу провинциясында Aqmola Invest инвестицияларды дамыту орталығының өкілдігі ашылғаны жарияланды.

Қазақ компанияларының CIIE көрмесіне жыл сайын қатысуы ұлттық экспортты ілгерілетуге, қытайлық дистрибьюторлар мен бөліп сату желілерінің назарын аударуға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.