Ханчжоу, 2025 жылғы 25 қыркүйек –
Шымкент қаласы Әкімінің орынбасары А.Сәбитовтың Чжэцзян өлкесінің Ханчжоу қаласына жұмыс сапары аясында Шымкент қаласының Әкімдігі мен Ханчжоу қаласының Халық үкіметі арасындағы Ынтымақтастық пен өзара алмасу туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған Меморандумға қол қою Шымкент пен Ханчжоу қалалары арасындағы екіжақты байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Қол жеткізілген келісімдер ынтымақтастықтың жаңа келешегін ашып, бауырластық қатынастарды орнатуға негіз қалады. Бұл өз кезегінде өңіраралық өзара іс-қимылды тереңдетуге, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтуға ықпал етеді.
Анықтама үшін: Ханчжоу қаласы – Чжэцзян өлкесінің әкімшілік орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерімен және IT мен инновациялар саласындағы дамыған экономикасымен белгілі. 2024 ж. қорытындысы бойынша қала халқы 12,62 млн адамды құрады, ал ЖӨӨ 21,86 трлн. юаньға жетіп, Қытай қалалары арасында сегізінші орынға шықты.
Өз кезегінде, 2025 ж. 29 мамырда Шымкент – Шаңхай тікелей әуе рейсі ашылды. Бұл Шанхай мен Орталық Азия арасындағы алғашқы тікелей жолаушылар рейсі Boeing 737 MAX 8 ұшағымен аптасына екі рет орындалады.