Алматы мен Ханчжоу арасындағы әуе қатынастарын нығайту және кеңейту туралы

Алматы мен Ханчжоу арасындағы әуе қатынастарын нығайту және кеңейту туралы

Шаңхай, 2025 жылғы 10 қыркүйек –

Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулдығында
Нұрлан Аққошқаровтың Zhejiang Loong Airlines Co., Ltd. компаниясының Халықаралық бизнес жөніндегі директоры Чжу Чжэньхуа мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел жолаушыларына көрсетілетін көлік қызметтерін жетілдіру, әуе қатынастарының келешегі, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа бағыттарды іске қосу мүмкіндіктері талқыланды.

Бас консул екі ел арасындағы іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтуда тікелей әуе рейстерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Чжу Чжэньхуа «Ханчжоу – Алматы – Ханчжоу» бағыты бойынша әуе рейсі үш жыл бұрын іске қосылғанын және қазіргі уақытта күн сайын орындалатынын хабарлады. Бұдан бөлек, Loong Air компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендігін білдіріп, Ханчжоу қаласынан Қазақстанның басқа да қалаларына әуе рейстерін ашу және Алматы қаласында авиакомпания өкілдігін құру мәселесін ілгерілетіп жатқанын жеткізді.

Халықаралық транзиттік бағыттардағы жолаушылардың қолайлылығы үшін компания «жеңілдетілген транзит» қызметін енгізіп, багажды соңғы межелі пунктке дейін тікелей жеткізуді қамтамасыз етуде.

2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз барыс-келістің күшіне енуінің арқасында, Бас консул өңір арасында туристік және жолаушылар ағынының арта түсетініне сенім білдірді. Ол Қытайдың көне мәдени ескерткіштерімен танымал Чжэцзян өлкесінен Қазақстан бағытына жаңа әуе рейстерді ашудың мүмкіндіктері зор екенін атап өтті.

Кездесу соңында екі жақ азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірлескен жұмысты күшейтуге уағдаласты.

 

Анықтама үшін: Zhejiang Loong Airlines штаб-пәтері Ханчжоу қаласында (Чжэцзян өлкесінде) орналасқан Қытайдың 2011 жылы құрылған жеке әуекомпаниясы. Негізгі әуе паркі Airbus A320 (A320neo, A321neo) әуе кемелерінен, сондай-ақ алыс қашықтыққа арналған Airbus A330 ұшақтарынан тұрады. Әуекомпания маршруттық желісін едәуір кеңейтіп, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Жапонияға, Оңтүстік Кореяға және басқа да халықаралық бағыттарға әуе рейстерін ашты.