Қазақстан мен Корея жасыл экономика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Корея жасыл экономика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Сеул, 2024 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Корея Сыртқы істер министрінің климаттың өзгеруі жөніндегі орынбасары Ким Хё Ынмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар климаттың өзгеруі, соның ішінде озық технологияларды қолдана отырып, орман өрттерінің алдын алу, су ресурстарын тиімді пайдалану, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады. «Жасыл» экономика саласындағы жобаларға және баламалы энергия көздерін кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылды. Сұхбаттасушылар Жаһандық жасыл өсу институты (GGGI), Азия орман ынтымақтастығы ұйымы (AFoCO), Жасыл климат қоры (GCF) және т.б. халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық бойынша «сағаттарды теңестірді».

Кездесу нәтижесінде дипломаттар диалогты жалғастыруға және жоғарыда аталған салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілету үшін алдағы іс-шараларды пайдалануға келісті.