Пан Ги Мун AIF 2024 маңыздылығын атап өтті

Пан Ги Мун AIF 2024 маңыздылығын атап өтті

Сеул, 2024 жылғы 3 сәуір – Қазақстанның Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті. Кездесу барысында Елші 2024 жылғы 13-14 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырудың түпнұсқасын табыс етті.

Корейлік сұхбаттасушы шақыру үшін алғысын білдіріп, бұл шараның маңыздылығын атап өтті. Жуырда Боао Азия форумы аясында өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуін жылы лебізбен еске алып, Қазақстан Президентінің мазмұнды әрі өзекті сөйлеген сөзін ерекше атап өтті. Сонымен бірге Пан Ги Мун Қазақстанның белсенді сыртқы саясатын жоғары бағалады.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Төрағасы Пан Ги Мун болып табылатын Жаһандық жасыл өсу институты (GGGI) арасындағы жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. GGGI Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жоғары қызығушылық танытты.