Кореяның «ғылыми астанасы» Қазақстанның өңірлерімен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Кореяның «ғылыми астанасы» Қазақстанның өңірлерімен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Тэчжон, 2024 жылғы 12 наурыз – Қазақстанның Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов Тэчжон қаласының әкімі Ли Чжанг Умен кездесу өткізіп, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Сұхбаттасу барысында Қазақстан Елшісі ғылым мен білім саласындағы негізгі басымдылықтарды атап өтіп, екі елдің университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы өзара іс-қимылға назар аударуды ұсынды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген елдің ғылыми-техникалық әлеуетін кеңейту жөніндегі міндеттері аясында Кореямен, әсіресе цифрлық трансформация және білікті мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа мүмкіндіктері ашылып жатқандығы атап өтілді. Корей әкімі ең алдымен бауырластық қарым-қатынас орнату туралы Меморандумға қол қойылған Қызылорда облысымен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді. Қазақстан мен Тэчжон қаласының іскер топтары арасында байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінді.

Сапар барысында Қазақстан Елшісі Кореяның жетекші техникалық университеті – KAIST (Korea Advanced Institute of Science & Technology) және ағылшын тілінде оқыту бағдарламасымен танымал Woosong университетіне барды. Екі университет те Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты тереңдетуге және Қазақстандық студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынуға мүдделі. Тараптар жаңа бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу бойынша нақты қадамдарды талқылады.

Тэчжон қаласы Кореяның ғылыми-технологиялық астанасы болып табылады, онда 100-ден астам ғылыми-зерттеу институттары орналасқан.