Қазақстан мен Кореяның Орталық сайлау комиссиялары арасындағы ынтымақтастық нығаюда

Қазақстан мен Кореяның Орталық сайлау комиссиялары  арасындағы ынтымақтастық нығаюда

Сеул, 2023 жылғы 1 желтоқсан – Елші Нұрғали Арыстанов Кореяның Ұлттық сайлау комиссиясының Бас Хатшысы Ким Ёң Бинмен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында Елші еліміздегі демократиялық үрдістер мен саяси реформалар туралы ақпаратты ұсына отырып, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының маңызды рөлін ерекше атап өтті. Өз кезегінде, кореялық тарап қазақстандық әріптестермен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендігін және Қазақстанда өткізілетін халықаралық іс-шараларға қатысуға дайын екендігін білдірді.

Тараптар тәжірибе алмасу және өзара сапарларды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі белсендету туралы келісті.