Пусан, 2023 жылғы 14 қараша – Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Алматы мен Пусан қалалары арасындағы бауырластық байланыстардың бір жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Пусан-Қазақстан іскерлік форумында сөз сөйледі.
Іс-шараға Оңтүстік Корея компанияларының 50-ден астам басшылары, Пусан қаласы мэриясының, Пусан даму институтының, «Kazakh Invest» және қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысты. Іс-шараны Пусанның Экономикалық даму агенттігі (ВЕРА) Қазақстанның Пусандағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Елші Нұрғали Арыстанов өз сөзінде екіжақты күн тәртібінің одан әрі дамуына ықпал ететін бірқатар маңызды оқиғаларды атап өтті: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Президенті Юн Сок Ёльдің 2023 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ БА алаңындағы кездесуі, Кореяның Сыртқы істер министрі Пак Чжиннің 2023 жылғы маусымдағы Қазақстанға сапары, сондай-ақ Қазақстан мен Кореяның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Мұрат Нұртілеу мен Пак Чжинның 2023 жылғы қарашада Түрікменстанның Ашхабад қаласында өткен «Орталық Азия – Корея Республикасы» 16-шы ынтымақтастық форумы аясындағы екіжақты кездесуі.
Сонымен қатар, Елші Пусан мен қазақстандық қалалар арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту қажеттілігіне назар аударды. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сілтеме жасай отырып, ол корей компанияларын дрон өндірісіне, сутегі энергиясын өндіруге, инфрақұрылым мен логистикаға инвестиция салуға, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.
Іс-шара аясында бірлескен инвестициялық жобаларды талқылау үшін жекелеген компаниялар арасында екіжақты кездесулер өткізілді.
Сонымен қатар, Елші Пусан қаласының Вице-мэрі Ли Сонг Куонмен кездесіп, экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.