Елші Б. Дүйсенбаев SK Inc компаниясының басшылығымен кездесті

Елші Б. Дүйсенбаев SK Inc компаниясының басшылығымен кездесті

2022 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Дүйсенбаев SK Inc компаниясының Атқарушы вице-президенті Ким Ю Сокпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында энергетика, телекоммуникация, биофармацевтика және электромобильдерге арналған аккумуляторлар өндірісі салаларындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта компания Қазақстан Республикасының нарығын және бизнесті жүргізу мүмкіндіктерін зерттеуде.

Компанияға Қазақстанның инвестициялық ахуалы туралы презентациялар ұсынылды және бірлесіп іске асыру үшін перспективалы жобалар берілді. Тараптар перспективалық бағыттар бойынша ақпарат алмасуға және одан әрі ынтымақтастық жөніндегі келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.